2 November 2024


Әбілмансұрдың Абылай атануы

Абылай – қазақтың ұлы хандарының бірі. Үш жүздің басын қосқан әйгілі тұлға. Оның шынайы есімі Әбілмансұр екені бәріне мәлім. Бірақ есімінің өзгеру себебі неде?

Негізінде Абылай Әбілмансұрдың атасының есімі. Оның атағы сол кезде  “Абылай-қанішер” деп көпке мәлім болды. Себебі атасының мінезі ауыр,  қолға алған істері көпшіліктің үрейін тудырған-дв. Халық одан бекер қорықпайтын.

Уәлидің шаңырағына жоңғарлардан соққы тигенде, Әбілмансұр отбасынан жалғыз өзі тірі қалып, Ораз атты құлмен қашады. Негізінде шуршуттардан Әбілмансұрды құтқарып қалған осы құл болған. Кейін олар бірге малшылардың киіз үйлерінде тығылып жүргенде Кіші жүздің ханы Әбілқайыр мен Бұхар жырау келіп, әңгімелесу барысында Әбілмансұрды танып қояды. Уақыт өте Әбілмансұр Төле бидің қол астында өседі. Сырт бейнесі пәс, шашы үнемі ұйысқан жас бала Сабалақ деген атқа ие болады. Ал 15 жасында жауға шапқан кезде “Абылай” деп атасының есімін айтып атой салды. Төле бидің неге Абылай деп шаптың дегеніне, өзінің оқиғасын айтып береді.

Біз ұлы хандардың ұрпағымыз. Өткенді білу – болашаққа дұрыс қадам жасау. Шығу тегімізді білу әрқайсымыздың адами борышымыз.

Авторы: Амира Сергейқызы