7 March 2025


Менің аяулы анам

Әр баланың өмірінде ана үлкен рөл атқарды. Ана — біздің қамқоршымыз, қорғанышымыз. Бізді жарық дүниеге әкелген, түн ұйқысын төрт бөліп бастысы біздің аман болуымызды қалайтын жалғыз жан. Ананың орны бөлек, оны ешкім баса алмайды.

Бала бойындағы ең жақсы қасиеттерді ең әуелі анадан алады. Әлемдегі ең кешірімді, жүрегі мейірімге толы адам ол ана дер едім. Баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Себебі, ананың мейірімі шексіз.

Ана барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды. «Жәннәт – аналардын аяғының астында». Осынау сөз тегін айтылмаса керек. Мұнда терең мағына жатыр. Адамзатқа дүниенің жарығын сыйлаған аналармыздың алдында бас иеміз.

Менің анам да өмірімдегі маңызды тұлға. Есімі — Анаргүл Кәкенқызы. Мейірімі шексіз, құшағы ыстық, аяулы жан. Анашым, көңіліңе қаяу түсірген кездер болды. Соған қарамастан әлі күнге дейін қалағанымды істеуге қолдау көрсетудесің. “Жоқ“ деп айтып, бетімді қайтармадың. Сен мен үшін өмірдегі ең қымбат, мейірімді, қамқор адамсың. Сенің аман болуынды тілеймін!  Анашым, 8 наурыз мерекеңмен! “Анасыз үй—көңілсіз күй“. Баршамыздың аналарымыз аман болсын! Күллі аналарды келіп жеткен мейрамымен құттықтаймын!

Авторы: Айназ Манарбекқызы