2 November 2024


Спортқа жақынсыз ба?

Спорт – адам денсаулығына маңызды. Бұл жиі еститін сөзіміз екені рас. Әлсіз әрі қиындыққа шыдамайтын жандарға мамандар жеңіл спорт түрімен айналысуға кеңес берді. Күйзеліске ұшыраған сәттерде дене жаттығуларын жасап көрсеңіз өзіңізді жақсы сезіне бастайсыз. Ол спорттың, дене жаттығуларының бір пайдасы.

Ғалымдар зерттеулеріне назар аударатын болсақ, адам дене жаттығуларымен айналысқан кезде оның миында мыңдаған үдерістер болады. Ми дене қимылдарын күйзеліс ретінде қабылдайды, оған қарсы күресе бастайды.

Ағзада қуаныш пен ләззәт гормоны мен пайдалы ақуыздар бөлініп, жүйке жүйе мен миға тарайды. Және адамның есте сақтау қабілеті жақсарып, көңіл-күйіге едәуір әсер етеді.

Осы ретте спорт жайлы қызықты фактілерді назарларыңызға ұсыналық:

– Барлық футбол чемпионаттарына қатысқан ел — Бразилия.

– Бокс спорт түрі ретінде тек 1900 жылы заңдастырылды.

– Көпшілігі дзюдода 10 дан бар деп ойлағанымен, негізінде оның саны 12 екен. Бірақ 11 данға әлі ешкім лайық деп танылмады, 12 дан тек қана бір адамға берілген — Дхигаро Кано (дзюдоның негізін қалаушы)

Авторы: Айназ Манарбекқызы