20 September 2024


Кәсіптен нәсіп тапқыңыз келсе, мамандықты дұрыс таңдаңыз!

Жасөспірімдер арасындағы ең өзекті сұрақ “қандай мамандық таңдаймын?”

Мамандықты таңдау – болашақ өміріңізге қатысты өте маңызды және жауапты қадамдардың бірі. Жүрек қалауымен таңдалған мамандық – өмір сүрудің материалдық қана емес, моральдық көзі. Дегенмен түлектер қателік жіберіп, өзіне сай емес жұмыспен айналысуда. Кейбірі беделді кәсіпті, ал басқалары өзгенің не ата-анасының нұсқауын тыңдайды. Ал енді бірі грант көп берілетін немесе “диплом алсам болды” деген пікірді ұстанатындар бар. Сонымен мамандықты қалай таңдау керек?

1. Болашақ мамандығыңыздан не қалайтыныңды ойластырыңыз.

“Мен қалаймын”, “Менің қолымнан келеді”, “Маған керек” деп ұнататын істеріңізді қарастырыңыз. Сіз үшін жоғарғы жалақы қаншалықты маңызды екенін анықтаңыз.

2. Бейімділігіңізді, қабілетіңіз бен қызығушылығыңызды ескеріңіз.

Көптеген хобби мен қызығушылықтар еңбек нарғындағы ұсыныстармен сәйкес келеді. Сол себепті хоббиларыңызды тек ұнатын іс ретінде ғана емес, болашақ мамандығыңыздың иесі болу жолындағы қадамыңыз ретінде қарау қажет.

3.Кеңес тыңдаңыз, бірақ таңдауды өзіңіз жасаңыз.

Көбіне ата-анаңыз не достарыңыз кеңес беру арқылы мамандық таңдауға әсер етеді. Бірақ, сіз тек пікірін, кеңесін тындай аласыз, ал таңдау сіздің жеке ісіңіз.

4.Қызықтыратын жұмыс туралы тілдесіңіз.

Сізді қызықтыратын жұмыс туралы түрлу маман өкілдерінен аураудан ұялмаңыз. Қызмет саласы туралы құнды ақпараттармен бөлісе тұра, өзіңізге де тәжірибе болары анық.

5.Тегін жұмыс істеңіз.

Маманнан ақыл бір бөлек, ал оны тәжірибеде, жұмыс істеп көру бір бөлек. Тегін жұмыс істеп көру – бұл нағыз таптырмас мүмкіндік. Әр мамандықтың “ішкі асханасымен” танысасыз десек болады. Сонымен мамандық таңдауда асқан жауапкершілік қажет. Бұл адам өміріндегі маңызды сәт. Сол себепті мұқият болыңыз!

АВТОРЫ: АМИНА САМРАТҚЫЗЫ