22 September 2024
Менің жазғы демалысым
Мен жаз бастала биыл демалысымды қызықты өткіземін деп шештім. Жалпы өзім таза ауада серуендегенді ұнатамын. Таңертең ұйқыдан оянған соң, далаға шығып достарыммен серуендедім. Осының арқасында өзімнің физикалық даярлығымды қалыпқа келтіре алдым. Үйде ата-анама көмектесіп, олардың тапсырмаларын мұқият орындап отырдым.
Шілде айында отбасыммен бірге үлкен атама Талдықорған қаласына жол жүрдік. Ол жақта туған туыстарды көріп, өте керемет уақыт өткіздік. Сосын бәріміз Балқаш көліне бардық. Суы сондай таза, жылы екен. Біз ол жерде тоқтап қалмай, ары қарай Алакөлге аттандық. Жол деген керемет, табиғаты ерекше әдемі. Біз жолда әйгілі Жалаңашкөл көліне тоқтадық. Бұған дейін мен мұндай үлкен саяхат жасамағам. Осы сапар маған тек жағымды эмоциялар сыйлады. Жаздың ыстық күндерінде суға шомылып, құмды жағажайда жату керемет екен. Ата-анаммен катамаранға және қайыққа мініп, көлде жүздік. Ал кеш батқан кезде уақытымызды жағалауда серуендеумен өткіздік.
Бұл демалыс маған ұмытылмас әсер қалдырды. Келесі жылы осы жерге қайтадан келуді жоспарлап отырмыз. Тамыз айында қалада болдым. Жаздың әр жылы күнін достарыммен таза ауада өткіздім. Бұл жаз расымен ерекше болды.
АВТОРЫ: ДАНА МЫРЗАҒАЛИ