22 September 2024


Сүйікті жазым

Жаз – менің сүйікті жыл мезгілім. Себебі, күн сайын далаға шығып ойнаймыз, апаға барып көмектесеміз. Мен биылғы демалысымда да достарыммен асыр салып ойнап, апама бардым. Ол кісі жер үйде тұрағандықтан мен шаруашылықта қолғабыс болдым. Әлбетте, суға түстім. Велосипедпен қалада қыдырып, достарыммен бірге үйде демалдық.

Биылғы демалысымда мен Семейге бардым. Бұл жақтан үйге қайтарда апамды алып кетік. Апамның үйінде қалып, бақша жұмыстарына кірістік: қияр мен қызанақ тердік. Бірнеше күннен кейін ағамның үйлену тойы болып, артынша бәріміз Үлкен Нарынға жол тарттық. Ауылда  қонып нәнемнің үйлену тойына да қатыстық. Тойлатып Айгүл апамның үйінде қонақ болдық. Ертеңгісін үйге қайттық. Ал анам ары қарай Катон-Қарағайға жолға шықты. Ал біз болсақ үйге жеткен соң картоп қаздық, сірне дайындадық. Анам келген соң жаздың соңғы күні болды.

Менің жазғы демалысым осылай қызықты басталып, отбасымның жанында жылы аяқталды.

АВТОРЫ: БЕКЗАТ ҚҰРМАНҒАЗЫ