7 March 2025
Ана – өмірдегі ең қымбат жан
Ана – әр баланың тірегі, өмірдегі ең жақын әрі қымбат жаны. Менің анам да әр жетістігіме шын жүректен қуанып, әр қателігіме түсіністікпен қарап, дұрыс бағыт беруге тырысады. Анам маған адал, еңбекқор, мейірімді болуды үйретеді. Ол тек сөзбен емес, өз ісімен де маған үлгі болады.
Анамның айтқан ақылдары өмірде маған үлкен көмек береді. Қиын сәттерде оның жылы сөздері мен қолдауы маған алпауыт күш сыйлайды. Ол әрқашан менің бақытты, білімді, тәрбиелі азамат болып өсуімді қалайды. Сондықтан мен анамның сенімін ақтап, оған тек қуаныш сыйлауға тырысамын.
Ана – біздің өміріміздің шамшырағы. Оның шексіз махаббаты мен қамқорлығы әрдайым менің жүрегімде. Мен анамды шексіз жақсы көремін және алдында қарыздармын!
Авторы: Айару Мұратбек