7 March 2025
Ана – өмірдің шуағы
Мен үшін анам – мейірімділік пен жылулықтың символы. Ол маған өмір сыйлаған, менің әр жетістігіме қуанып, қиын сәттерімде қолдау көрсететін ардақты жан. Оның жүрегіндегі шексіз махаббат мені әрдайым алға жетелейді.
Анашымның мейірімі күннің шуағындай, дауысы маған ең жылы сөздерден құралған әуен сияқты. Ол менің алғашқы қадамымды, алғашқы жетістіктерімді, алғашқы арманымды көріп, маған сенім берген жан.
Ана – өмірдің шуағы, отбасының нұры. Оның мейірімі мен махаббаты бізді әрдайым жылытады, күш береді. Сондықтан аналарымызды құрметтеп, оларды әрдайым бағалайық. Өйткені, анасыз өмір – сөнген шырақпен тең.
Анасыз өмірдің мәні жоқ. Ол – біздің алғашқы ұстазымыз, ақылшымыз, қамқоршымыз. Ананың жүрегі – мейірім мен сүйіспеншілікке толы. Ол баласының әрбір қадамын бақылап, оның қуанышына қуанып, қайғысына ортақтасады. Ананың махаббаты шексіз, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Авторы: Ануарханова Адина Алмасқызы