7 March 2025
Ардақты анашым
Ана – әрбір адам үшін ең қымбат жан. Анамыз бізді осы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп, қорғап, өсіру үшін бар күшін салды. Менің анам – ең сүйікті, мейірімді және іскер адам. Ол маған әрқашан көмектесіп, білмейтін істерді де жалықпастан үйретеді. Оның жанында болсам өзімді еркін сезінемін. Анам күні бойы жұмыс істеп, бізді еш кем қылмай өсіруде. Анам өзіме ең жақын адам. Оның күлкісі мен мейірімді сөздері жанымды жылытады.
Анам мені әрдайым ақ жолға бағыттап, қашанда қауіпсіздігімді қамтамасыз етуге тырысады. Анамның маған жасаған ең қымбат сыйлығы – мені дүниеге әкелуі. Бала күнімнен анамның әр сөзін жерге тастамауға тырысамын, себебі оның кеңестерін тыңдасам менің жолым әрқашан ашық. Сол үшін де өте бақыттымын. Анашым адалдыққа, мейірімділікке бағыттайды. Менің анамның жаны әрқашанда таза және мейірімділікке толы.
Анашымды ерекше құрметтеп, жақсы көремін. Әр мерекеде анамды қуантуға барымды саламын. Біз үшін ең маңыздысы анамның денсаулығы мықты және бақытты болуы. Мен анамсыз өмір сүре алмаймын. Ол барлық асылдан қымбат! Мен анамды қатты жақсы көремін!
Авторы: Биахмет Айгерім Еділқызы